Шерзат Полаттың үйіндегі өрт: прокуратура тергеудің тоқтағанын хабарлады

/
Шерзат Полаттың үйіндегі өрт: прокуратура тергеудің тоқтағанын хабарлады
Видеодан скриншот

Шерзат Болаттың үйіндегі өрт фактісі бойынша тергеу жұмыстары тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облысының прокуратурасы агенттікке берген жауабында тергеу жұмыстарына қатысты тың деректерді бөлісті.

"Қаржаубай Нұрымовтың үйінде болған өрт фактісі бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 5-тармағына сәйкес (құқықтық көмек көрсетуге байланысты іс жүргізу әрекеттерін орындауға байланысты) тоқтатылды", - делінген прокуратураның жауабында.

Айта кетейік, бұған дейін 17 маусымда Шерзат Болаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты тергеу тоқтатылғаны хабарланған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары