Зерендіде әйел сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

/
Зерендіде әйел сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр
istockphoto

Ақмола облысы Зеренді ауданында жүкті ана өлі бала босанған.

Дәрігерлер дұрыс қарағанда сәбиді аман алып қалуға болатын еді, дейді анасы.

16 шілдеде жүктіліктің 32-ші аптасында Гүлнұр Садықова Зеренді аудандық ауруханасынан преэклампсия диагнозымен облыстық перинаталдық орталыққа жіберіледі.

Перинаталдық орталықта тапсырған медициналық сараптамасы дұрыс шықпайды.
Сараптама мен анықтамалық диагнозға қарамастан, перинаталдық орталықта преэклампсия диагнозы алынып тасталған.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығығына сәйкес міндетті тексерулер — УДЗ, доплерометрия, КТГ сынды кеңейтілген мониторинг жүргізілмеген.

Ал 30 шілдеде дәрігерлер ұрықтың кеш дамып жатқанын байқайды.

Алайда босану немесе қарқынды бақылау бойынша шұғыл шаралар қабылдамаған.
6 тамызда ультрадыбыстық зерттеуде ұрықтың дамуы 3 аптадан астам уақыт бұрын тоқтағаны анықталды. Шарананың жатырда жатқанда жүрегі тоқтап қалған. Осылайша 8 тамызда Гүлнұр Садықова өлі бала туады.

Патологиялық қорытынды нәрестеге оттегі жетіспегенін көрсеткен.

Шетінеп кеткен нәрестенің ата-анасы Қылмыстық Кодекстің 317-бабы "Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша қылмыстық іс қозғауды талап етіп арыз берген.

Мәселенің мән-жайын Sputnik Қазақстан тілшісі Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасынан сұрады.

"Бұл жағдайға қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қызметтік тексеру жүріп жатыр. Нәтижесі әлі белгілі болған жоқ", - дейді ведомстводағылар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары