Павлодарда анасы бесінші қабаттан лақтырған бала ауруханадан шықты

/
Павлодарда анасы бесінші қабаттан лақтырған бала ауруханадан шықты
istockphoto.com

30 шілдеде Павлодарлық келіншек екі баласын бесінші қабаттан лақтырып, соңынан өзі де секіріп кеткен болатын. Бүгін үлкен ұл бала ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

«Динамикасы оң. Бір ай бойы қатаң төсектік режим сақталуы қажет, одан кейін тұрғылықты жері бойынша орталықта бір жылдық оңалту жүргізіледі», — деп нақтылады ведомство.

Ал баланың анасы әлі де жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, бірақ есін біледі. Ол көптеген сынықтарына байланысты бірнеше операциядан өтті.

Еске сала кетсек, 30 шілдеде алдын ала деректер бойынша, анасы екі баласын кіреберіс терезесінен лақтырып, кейін өзі де секірген. Үшеуі де ауруханаға жеткізілді.

Полиция кісі өлтіруге оқталу және өзін-өзі өлтіру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары