Елімізде сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды

/
Елімізде сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жарияланды
istockphoto

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында ең көп сұранысқа ие болған мамандықтардың тізімін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Нақты мамандықтардың ішінде жұмыс берушілер арасында ең көп сұранысқа ие болғандар:

мейіргерлер (2,2 мың бос жұмыс орны),

тәрбиешілер (1,9 мың),

автокөлік жүргізушілері (1,8 мың).

Шілде айында түйіндемелердің саны барлық аймақта артты. Бұл ретте жұмыс іздеушілердің белсенділігі бірінші кезекте Шымкентте (+54%, 19,6 мың түйіндеме), Қызылорда (+46%, 9,3 мыңға дейін) және Атырау (+38%, 10,4 мыңға дейін) облыстарында айтарлықтай өсті.

Ең жоғары жалақыны мына мамандар сұраған:

ұшқыш (орта есеппен 1,8 млн теңгеден),

сынақ және жабдықты реттеу бөлімінің бастығы (1,5 млн теңге),

IT саласындағы техникалық директор (1,4 млн теңге).

Ал нақты сектор ұсынатын ең жоғары жалақы төленетін ашық лауазымдар:

тау-кен өнеркәсібіндегі учаске басшысының орынбасары (756 мың теңгеден),

учаске басшысы (747 мың теңге),

бас құрылысшы (668 мың теңге).

Шілдеде жұмыс берушілер "Enbek.kz" электронды еңбек биржасында 104,8 мың бос жұмыс орнын орналастырды, бұл маусыммен салыстырғанда 4,6 мыңға (4%) аз. Сонымен қатар бір айда өтініш бергендердің саны 38 мыңға (34%) артты – 147,8 мың түйіндеме жарияланды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары