Шымкентте мектептің бас бухгалтері 450 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

/
Шымкентте мектептің бас бухгалтері 450 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған
istockphoto

Шымкент қаласында мектептің бас бухгалтері аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырғаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін сотталды.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушы мемлекетке 451 173 978 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірген. Ол қылмыстық жолмен алынған қаражатқа автокөліктер, пәтерлер, жер телімі және бағалы қағаздар сатып алған.

Сотта әйел кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініш білдірді және жазаны өтеуді кейінге қалдыруды сұрады. Сот оның бұл өтінішін, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларының барын ескерді.

Сот, әйелді Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігінің 1, 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танып, түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары