Атырауда ер адамның көпірден секірмек болған сәті камераға түсіп қалды

/
Атырауда ер адамның көпірден секірмек болған сәті камераға түсіп қалды

Оқиға Атырау қаласында 12 тамыз күні сағат 15:26 шамасында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Оқиға туралы хабар түскен сәтте Атырау қалалық полиция басқармасының №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Мирас Өтепов жедел түрде оқиға орнына жетіп, ер адамды дер кезінде ұстап қалды. Оны қауіпсіз жерге шығаруға полиция қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Фархат Базарбаев та көмек көрсетті. Нәтижесінде 41 жастағы азамат құтқарылып, жедел-тергеу тобына тапсырылды»,- деп жазылған Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта оған медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары