Биыл студенттерге арналған 29 жатақхана салу жоспарланған

/
Биыл студенттерге арналған 29 жатақхана салу жоспарланған
Telegram: Akorda

Мемлекет басшысының студенттерді баспанамен қамту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылы 10 439 орындық 29 жатақхананы іске қосу жоспарланған. Олардың ішінде ЖОО студенттеріне 20 жатақхана, колледж студенттеріне 9 жатақхана арналған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында мәлім етті.

Қазір 3 528 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді. Олар – Түркістан қаласында 652 орындық 2 жатақхана, Астана қаласында 2 876 орындық 2 жатақхана.

«Оқу жылының басына дейін 4 228 орындық 19 жатақхана ашылады деп күтілуде. Олар – Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Абай, Алматы, Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстары», – деді министр.

Одан бөлек, 2025 жылдың соңына дейін 2 683 орындық 6 жатақхана  іске қосылмақ. Оның ішінде 5 жатақхана Алматы қаласында және 1 жатақхана Астана қаласында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары