Астанада автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті

/
Астанада автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
видеодан скриншот

Тұран даңғылында – «Хан Шатыр» сауда орталығының қарсы бетінде автобус пен автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Апат орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Полицияның мәліметінше, Changan маркалы автокөліктің жүргізушісі Тұран даңғылы бойымен қозғалып келе жатып, қайта бұрылу кезінде қоғамдық көлікке арналған бөлек жолақпен келе жатқан маршруттық автобуспен соқтығысқан.

Апат салдарынан автобустың үш жолаушысы зардап шекті. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді.

«Тексеру жүргізілуде. Полиция жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және барынша мұқият болуға шақырады», – деді полиция.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары