Бүгін Қазақстанның екі қаласында жайсыз метеорлогиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
- 2025 жылғы 12 тамызда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, түнде Атырау қалаларында күтіледі,- делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.