Студенттер үшін әскери кафедрада оқу ережесі өзгереді

/
Студенттер үшін әскери кафедрада оқу ережесі өзгереді
istockphoto

2026 жылдан бастап әскери кафедрада оқу үшін қазақстандық студенттерді іріктеу тәртібі өзгереді, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Қазақстандықтар тұрғылықты жері бойынша курстық әскери дайындықтан өте алады
.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап "запастағы офицерлер мен запастағы сержанттардың бағдарламалары бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы қорғаныс министрлігі бұйрық енгізді.

"Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түскен (қабылданған) жылдың 1 ақпанынан бастап электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы ЭЦҚ қойылған, немесе ұялы телефон арқылы бір реттік парольмен куәландырылған өтініш береді", - делінген ведомствоның бұйрығында.

ЖОО арқылы жүгінген жағдайда студент қосымша өтініш береді:
қабылдау туралы өтініш;
жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3х4 сантиметрлік фотосуреттер – 4 дана;

сотты болуы не болмауы туралы анықтама;
факультет пен мамандықты көрсете отырып,

ЖЖОКБҰ-да нақты оқу туралы анықтама.

Өтінішті қабылдау түскен жылдың 30 маусымына дейін жүзеге асырылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары