Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов өзінің жеке концерті барысында отбасына қатысты тараған қауесетке ишара жасап, шындықты кейінірек жариялайтынын жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Сіздер бүгін концерт тамашалауға келдіңіздер ме, әлде бір жаңалық есту үшін бе? Түрлеріңізге қарасам, бәріңіз бір нәрсе білгісі келіп отырғандайсыздар. Бұрын үлкендер «тыныш, балалар бар ғой» деп айтушы еді. Міне, залда қыздарым отыр. Сол себепті асықпай, уақыты келгенде айтамын», – деді ол.
Айта кетсек, бұған дейін Қабатовтың екінші рет үйленіп, бөлек отбасы құрғаны жөнінде түрлі әңгімелер ел ішінде тарап кеткен еді.