Өскеменде салмағы 6 келі қыз бала дүниеге келді

/
Өскеменде салмағы 6 келі қыз бала дүниеге келді
Фото: instagram.com/cmr.kz

Өскемендегі Ана мен бала орталығында салмағы 6045 грамм болатын қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Орталықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, операция дәрігерлер – акушер-гинекологтар, анестезиологтар, неонатологтар және медбикелерден құралған команданың үйлесімді жұмысының арқасында сәтті өткен.

«Олардың кәсібилігі, қамқорлығы және әрбір бөлшекке мұқият қарауының арқасында ана мен сәби өздерін жақсы сезінуде. Мамандардың айтуынша, мұндай салмақтағы балалар өте сирек туады. Статистикаға сәйкес, бірнеше мың жаңа туған сәбидің ішінде тек біреуі ғана 6 кг-ға жетеді. Мұндай сәбилер алғашқы сағаттарда ерекше бақылауды және ерекше күтімді қажет етеді. Орталық дәрігерлері бұған дайын болды – барлық қажетті тексерулер мен күтім уақтылы жүргізілді», - деді орталықтың баспасөз қызметі.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары