Астанада эпилепсия дертіне шалдыққан жүргізуші екі адамды қағып кеткен

/
Астанада эпилепсия дертіне шалдыққан жүргізуші екі адамды қағып кеткен
istockphoto.com

Елорда прокуратурасы медициналық шектеулері бар тұлғалардың көлік жүргізу фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Эпилепсия G40» диагнозы бар жүргізушілер көлік басқарған. Жүргізуші рөлде отырған кезде денесі құрысып, екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол 2021 жылдан бастап эпилепсия диагнозымен диспансерлік есепте тұрған. Ол ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда қала прокуратурасының бастамасымен сот 10 адамды жүргізуші куәлігінен айырды.

«Жол жүрісі туралы» Заңының 75-бабына сәйкес, жүргізушінің денсаулығының нашарлауы медициналық қорытындымен расталған жағдайда, көлік басқару құқығын тоқтатуға заңды негіз болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары