Дәрігер Қытайда таралып жатқан чикунгунья вирусының қауіпті бір белгісін атады

/
Дәрігер Қытайда таралып жатқан чикунгунья вирусының қауіпті бір белгісін атады
istockphoto

Чикунгунья вирусының басты белгісі - буындардағы қатты ауырсыну. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, профессор, вирусолог Виктор Зуев "Аргументы и факты" басылымына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігердің айтуынша, "чикунгунья" сөзі қытай тілінен "иілу" деп аударылады, себебі вирус буындарды зақымдайды, ал адамдар ауырсынудан бүгіліп кетеді.

"Бұл аурудың негізгі белгісі - буындардың зақымдануы. Инкубациялық кезеңі 2–12 күнге созылады. Осыдан кейін адамның дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, буындарында өте қатты ауырсыну пайда болады. Адам шынымен бүгіліп қалады", - деді вирусолог.

Зуевтің айтуынша, аурудың басқа белгілеріне бөртпе қосылуы мүмкін.

"Ауру әдетте аса асқынусыз өтеді, бірақ бәрі ағзаға байланысты. Өлім-жітім деңгейі төмен, дегенмен жүкті әйелдер мен қарт адамдар сақ болуға тиіс", - деп ескертті маман.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары