Жамбылда қорлық көрген балалар ісі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды

/
Жамбылда қорлық көрген балалар ісі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды
Polisia.kz

Жамбыл облысы Талас ауданында кәмелет жасына толмаған екі баланы жүйелі түрде ұрып-соғу дерегі бойынша аймақ басшысының тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыс әкімінің орынбасары жетекшілік ететін жұмыс тобы мәселені толық анықтау, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау бойынша зерделеу және тексеру жұмыстарын жүргізетін болады.

Зерделеу нәтижесіне сәйкес қосымша ақпарат жолданады. Қазіргі таңда тиісті құзырлы органдармен бірлесіп жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қолға алынды. Көтерілген мәселеге сәйкес осы секілді келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында алдағы уақытта өңірдегі өзге де білім мекемелері жан-жақты зерделенеді, – деп жавылған облыс әкімдігінің мәліметінде.

Еске салсақ, бұған дейін Талас ауданында екі кәмелетке толмаған бала 5 жыл құлдықта болып, қорлық көріп келгені белгілі болды. Балалардың жүйелі түрде соққыға жығылып келген дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны Ішкі істер министрі Ержан Саденов жеке бақылауына алды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары