Тоқаев Қазақстан кинологтар одағын жетістігімен құттықтады

/
Тоқаев Қазақстан кинологтар одағын жетістігімен құттықтады
Ақорда

Президент Қазақстан кинологтар одағын қазақ тазысының халықаралық деңгейдегі жетістігімен құттықтады.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Хельсинкиде өткен «World Dog Show 2025» дүниежүзілік көрмесінде алғаш рет әлемге ресми түрде таныстырылған қазақ тазысы жүлделі орындарға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев осы қуанышты жаңалыққа орай Қазақстан кинологтар одағына құттықтау жеделхатын жолдады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары