Әскери тікұшақ құлаған көлден екінші адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, EC-145 тікұшағы құлаған аймақта іздестіру-құтқару іс-шаралары жалғасып жатыр.
"Екінші адамның денесі табылып, судан шығарылды. Қазіргі уақытта құзыретті органдардың қатысуымен анықтау рәсімі жүргізіліп жатыр", - делінген ресми хабарламада.