СҚО-да дөнер жеген адамдар уланып қалды

/
СҚО-да дөнер жеген адамдар уланып қалды
istockphoto

Солтүстік Қазақстан облысында стадионда дөнер жеген төрт адам уланып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Петропавлдың инфекциялық ауруханасына үш бала мен бір ер адам жеткізілді. Барлығы Булаев қаласындағы стадион аумағында орналасқан сауда орнынан дөнер алып жеген.

Қазіргі кезде жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улану фактісі бойынша тергеу шараларын бастады.

"Эпидемиологиялық тергеуге қажетті барлық қажетті сынама алынды. Жақын арада нәтижесі дайын болады", - дейді санитар дәрігерлер.

Ауруханаға түскен төрт адамның да жағдайы жақсарып келеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары