Өскемен тұрғыны әкесін балағаттаған күйеуін алты жерден пышақтап өлтірді

/
Өскемен тұрғыны әкесін балағаттаған күйеуін алты жерден пышақтап өлтірді
Фото: ПД

Өскемен тұрғыны күйеуіне алты жерден пышақ сұғып өлтірді, деп хабарлайды yk-news.kz сайты.

Оқиға жеке үйлердің бірінде болған. Көңілді отырыс кезінде ерлі-зайыпты ішімдік ішкен, олармен бірге төсекке таңылған, әрі деменцияға шалдыққан әйелдің әкесі де болған. Ер адам денсаулығына байланысты үнемі күтімді қажет еткен, бұл күйеу баланы қатты ашуландырған.

Күндізгі екі шамасында зейнеткер төсекте жатып еріксіз дәрет сындырып қойған. Ер адам оған айқайлай бастайды. Қызы әкесіне араша түскенде, күйеуі жұдырық ала жүгірген.

"Жанжал кезінде әйел ас үй пышағымен күйеуінің кеуде тұсына соққы жасаған. Содан кейін жүрек тұсынан тағы төрт рет ұрады. Күйеуі қашып кетпек болады, бірақ оны қуып жетіп, арқасынан алтыншы рет ұрған", - деп жазды портал.

Жәбірленуші сол жерде көз жұмды. Пышақ ішкі органдарды зақымдап, көп көлемде кеткен.

Тергеу барысында қылмыс алкогольдік масаң күйде жасалғаны анықталды, жек көру сезімі жылдар бойы жинақталған. Айыпталушы өз әрекетінің салдарын білген.

Полицияны әйелдің өзі шақырған. Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын, соттылығының жоқтығын және асырауында қарт әкесінің болуын үкім шығару кезінде ескерді. Сонда да әйел сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары