Антициклон сілемінің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
— Тек елдің батысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең елдің солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі, — делінген хабарламада.
Синоптиктер күндіз Түркістан облысында 40 градус, Маңғыстау облысында 38 градус, Алматы облысында, Жетісу облысында 35-38 градус, Жамбыл облысында 39 градус қатты ыстық болады деп болжам жасады.
Сонымен қоса Батыс Қазақстан, солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, батысында, шығысында, Қызылорданың солтүстік жартысында, батысында, Жамбыл облысының орталығында, Ұлытау облысының орталығында, батысында, солтүстігінде, Жетісу облыстың орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.
Бұдан бөлек Түркістан, Маңғыстау облыстарында, батысында, солтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Қызылорда облысының оңтүстік жартысында, солтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының шығысында, Атырау облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.