"Болашақ" халықаралық стипендиясы мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 217 қазақстандық "Болашақ" стипендиясына ие болды. Соның ішінде 167 адам магистратурада, 13 адам докторантурада оқиды. Ал 37-і әлемнің үздік университеттері мен орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.
"Бұған қоса, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен 68 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды", - делінген ресми хабарламада.
Стипендиаттардың 67,7%-ы жаратылыстану-техникалық пәндер, ал 32,3%-ы қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім алады. Стипендия иегерлерінің толық тізімін мына жерден көруге болады.