Оқу-ағарту министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

/
Оқу-ағарту министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Kazinform

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылынан бастап үш ауысыммен оқитын мектептердің болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025–2026 оқу жылында шамамен 200-ден астам жаңа мектеп ашу жоспарланған. Соның ішінде 112 мектеп "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынады.

"Жобаларды іске асыру нәтижесінде 15 апатты мектеп жойылып, үш ауысымды оқыту тоқтатылады, шамамен 150 мың орын тапшылығы қысқарады, сондай-ақ ауыл мектептеріндегі оқу жағдайы қалалық стандарттарға жақындайды", - делінген ресми хабарламада.

Бұдан бөлек, 245 мектепте ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Атап айтқанда, шатырды ауыстыру, қасбеттер мен терезелерді жаңарту, инженерлік желілерге күрделі жөндеу жүргізу, мектеп ауласын абаттандыру және көгалдандыру шаралары атқарылады.

"Қосымша 1000 ауылдық мектепте жөндеу жұмыстары жүруде. Кітапханалар, асханалар, қауіпсіздік жүйелері жаңғыртылуда, жиһаздар жаңартылуда. Химия, физика, биология, робототехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пән кабинеті сатып алынды", - дейді министрлік мамандары.

Қазіргі кездде оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық деңгейін бақылау үшін өңірлерге жұмыс топтары жіберілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары