Тікұшақ пен бір адамның мәйіті табылды: Қорғаныс министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады

/
Тікұшақ пен бір адамның мәйіті табылды: Қорғаныс министрлігі шұғыл мәлімдеме жасады
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі іздестіру-құтқару операциясы барысында апатқа ұшыраған әскери ұшақтың сынықтары мен бір адамның денесі табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қорғаныс министрлігінің Telegram-арнасындағы ақпаратқа сәйкес, оқиға болған алғашқы сағаттардан бастап, тәулік бойы барлық қажетті күш пен құрал жұмылдыра отырып, іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр.

"Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, ІІМ және басқа да ведомстволардың бірлескен жұмысы аясында, "Қазақстан Ғарыш Сапары" акционерлік қоғамының қолдауымен спутниктік деректерді пайдалана отырып, математикалық есептеулер жүргізілді. Бұл тікұшақтың ықтимал орналасқан аумағын анықтауға мүмкіндік берді", - дейді министрлік өкілдері.

Аймаққа жедел түрде іздеу топтары мен арнайы техника жөнелтілген. Су астындағы жұмыстар барысында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері шамамен 14 метр тереңдікте әуе кемесінің ішінара сынықтары мен бір адамның денесін тапты. Қазіргі уақытта сәйкестендіру процедурасы жүргізіліп жатыр.

In"Іздеу жұмыстары су астындағы көрінудің нашарлығы мен лайлы тұнбалардың болуына байланысты күрделене түсуде, бұл сүңгуірлер мен инженерлік бөлімшелердің жұмысын айтарлықтай баяулатады. Қиын жағдайға қарамастан, жұмылдырылған барлық күш операцияны мүмкіндігінше тез аяқтау үшін үйлесімді әрі мақсатты түрде әрекет етуде", - делінген министрлік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 25 шілдеде әлеуметтік желіде Алматы облысында ЕС-145 әскери тікұшағы іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Тікұшақ Луговой елді мекенінен ұшып шыққаннан кейін онымен Отар аумағында байланыс үзілген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары