Ақтөбеде мұнай мен газ жиі ұраланады

Ақтөбеде мұнай мен газ жиі ұраланады

Ақтөбеде мұнай мен газ жиі ұраланады
ашық дереккөзі
Ақтөбе қаласы әкімінің есептік кездесуінде облыс басшысы Бердібек Сапарбаев өңірде соңғы жылдары болған жағымсыз жайттарды тізбектеп шықты, деп хабарлайды «Тілші». «Кейде ұяласың. Мұнайды қайда ұрлайды? Ақтөбеде! Теракт қайда болады? Ақтөбеде. Енді келіп газды ұрлап жатыр. Мынау ұят қой! Тап осы газды ұрлайды деп ойламадым. Оның үстіне, бұл деген әлеуметтік газ ғой», — деп кейіді Бердібек Сапарбаев. Облыс басшысы ай сайын министрлікке квотаны көбейтіңдерші деп «жалынатынын» да жасырмады. «2015 жылы 3,5 мың тонна газға квота берілетін. Былтыр оны 5,2 мың тоннаға көтердік. Биыл бұл көрсеткіш 7 мың тонна жеткізілді. Ал оны жігіттер шетінен ұрлап жатыр. Апарып басқа жаққа сатады. Қазақта «ұрлық үлкен күнә, ол ешуақытта кешірілмейді» деген бар. Ұрлықпен алысқа бармайсың», — деді облыс басшысы. Оның айтуынша, таяуда қолды болған газ ұрлағандардың ісі құқық қорғау органдарымен болып жатыр. «Мен тағы да қайталап айтамын. Заңды бұзған адам, ұрлық жасаған адам қатаң жазаланады. Оған ешуақытта кешірім болмайды. Мешкей деген жақсы ат емес», — деген Сапарбаев өткен жұма күнінен бастап газ бағасының 43-45 теңгеге төмендетілгенін хабарлады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясымен келістік. «Қазақойл-Ақтөбемен» де келісім бар. Үкіметтің берген квотасы бар. Жаңажолдан газдың бір текшесін 18 теңгеге сатып аламыз. Ал біздің газ құю бекеттері қаншадан сатып келеді? Иә, 50 теңгеден! Газ құю бекеттеріндегі адамдар еңбек етпей ақша тапқылары келеді. 12 сағаттың орнына 16 сағат жұмыс істеп тапса мәселе жоқ. Бақша ексе мәселе жоқ, мал бақса мәселе болмайды. Ал олар түк істемей ақша тауып келеді», — деді облыс басшысы.