Шымкентте тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты

/
Шымкентте тепловоз бен жүк көлігі соқтығысты
istockphoto.com

2025 жылғы 8 тамызда сағат 04:30-да Қызылсай – Шымкент аралығындағы күзетілетін теміржол өткелінде HOWO маркалы автокөлік тепловозбен соқтығысты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын-ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі теміржол құрамына жақындап келе жатқанда өткелге шығып, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Қаза тапқандар жоқ, жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

«Жол-көлік оқиғасы қозғалыс кестесіне әсер етті: үш жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Сағат 07:18-де учаскедегі қозғалыс толық қалпына келтірілді, – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және теміржол өткелдерінен өткенде ерекше сақ болуға шақырады. Ережелерді бұзу тек материалдық шығынға ғана емес, өмір мен денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары