Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін қатыгездікпен өлтірген

/
Жамбыл облысында ер адам жүкті әйелін қатыгездікпен өлтірген
Istockphoto

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жүкті жұбайын өлтірген ер адамға (ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі, 4-тармағы) үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 2024 жылдың тамыз айында Жамбыл облысы, Қордай ауданының Масанчи ауылында болған. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелі жүкті екенін біле тұра, үйінің жанында оның мойын тұсына пышақпен сұғып алған.

Жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты.

Тергеу барысында куәгерлерден жауап алынып, оқиға орнының хаттамасы рәсімделді. Сарапшылар жарақаттың сипатын растады, заттай айғақтар жиналды.

Прокурор қылмыскерді 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Алайда сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Қаза тапқан әйелдің туыстары қатаң жаза талап еткенмен, азаматтық талап арыз бермеген.

Сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары