Ақтөбеде көлікті заңсыз иемденіп, сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды

/
Ақтөбеде көлікті заңсыз иемденіп, сатпақ болған қылмыстық топ ұсталды
Видеодан скриншот

Шығын 50 млн теңгеден асты. Қылмыстық топ мүшелері қазір ұсталып, қамауда отыр.

Бейтаныс адамдар көлікті Қостанайдан Ақтөбеге жеткізу қызметін атқаратынын айтып, жалған құжатпен 3 жаңа көлікті иеленеді. Бірақ көлік иесіне жетпеді. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 50 миллион теңгеден асты. 

— Жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде алаяқтықпен айналысқан төрт күдікті ұсталды. Олардың барлығы Ақтөбе облысының тұрғыны. Екеуі бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған. Тінту барысында айғақ заттар тәркіленді. Ұрланған автокөліктер заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, алаяқтардан қорыққан ақтөбелік 22 млн теңгесінен айырылды. Алданған әйел 2 бөлмелі пәтерін сатып, несие де рәсімдеген. Қазір күдіктіні іздеу жұмысы жүріп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары