Шымкентте үшем дүниеге келді

/
Шымкентте үшем дүниеге келді
Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасы

11 маусым күні Шымкент қалалық перзентханасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олардың біреуі – қыз, екеуі – ұл бала.  Жүктіліктің 31-ші аптасында жарық дүние есігін ашқан нәрестелердің салмағы: 975 грамм, 1765 грамм және 1920 грамм болды. Олар бірнеше минут айырмашылықпен туылды.

56 күн бойы сәбилер мен олардың 39 жастағы анасы дәрігерлердің жіті бақылауында болып, қажетті ем мен күтімді алды. Қазіргі уақытта балалардың да, ананың да жағдайы жақсы, үйлеріне шығарылды.

Үшемдерді дүниеге әкелген – Шымкент қаласының тұрғыны Фатима Якубова. Бұл – оның екінші босануы.

Нәрестелерге есімді олардың ата-әжесі қойған. Қыз бала – Мерием, ұл балалар – Расул мен Гамзат. Бүгінде үшемдердің салмағы – 2050 г, 2950 г және 3400 г.

Фатима мен жұбайы Зухрейдин енді төрт баланың ата-анасы атанды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкенттғ 15 793 сәби дүниеге келген.

• Қыз балалар – 7726

• Ұл балалар – 8067

• Егіздер (двойня) – 180 жағдай

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары