Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Таиландтағы Елшісі болып тағайындалды

/
Марғұлан Баймұхан Қазақстанның Таиландтағы Елшісі болып тағайындалды
Әлеуметтік желі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бұған дейін Қазақстанның Бельгия корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Люксембургтегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Еуропа одағы және НАТО жанындағы өкілдігінің басшысы қызметтерін атқарған.

Дипломатиялық дәрежесі – 1-санатты кеңесші.

Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс және поляк тілдерін меңгерген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары