Алматылық әйелді автобус қағып кетті

/
Алматылық әйелді автобус қағып кетті
istockphoto.com

Алматыдағы Айнабұлақ шағын ауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

№97 бағытындағы жолаушылар автобусының жүргізушісі әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Мақатаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында орын алған.

Алдын ала мәлімет бойынша, «Yutong» маркалы автобустың жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, оңға бұрылған кезде жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел жолдың жүріс бөлігін дәл сол бағытта кесіп өтпек болған.

Қайтыс болған адам 1957 жылы туған әйел екені анықталды. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары