Жамбыл облысында 16 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады

/
Жамбыл облысында 16 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады
istockphoto.com

Жамбыл облысындағы Байзақ ауданы Түймекент ауылында тағы бір жасөспірімнің түнде асылып қалғаны туралы ақпарат тарады. Ол қайғылы жағдайдың алдында жақындарына хабарласып, қатты қорқып тұрғанын айтып көмек сұраған, деп хабарлайды turkystan.kz.

HALYQSTAN Telegram арнасының мәліметінше, бұл соңғы жылы болған бірінші жағдай емес.

«Ауылда қандай да бір аномалия болып жатқан сияқты. Бұл жолы Жамбыл колледждерінің бірінің 16 жаста студент өз өмірін қиды. Көршілері оның түнде туысына қоңырау шалып, қорқатынын айтып, аулаға келуін өтінген. Содан кейін ол қоңырауларға жауап бермей қойған.

Ал туысы жігіттің неден қорқатынын білу үшін барғанында оны үйдің жанындағы ағаштан асылып тұрған күйінде табады. Оқиға орнына келген дәрігерлер жігіттің көз жұмғанын айтты. Жігіт  дене шынықтыру пәні мамандығында оқыған толық отбасында тәрбиеленген», – делінген хабарламада.

Деректерге сүйенсек бұл ауылда қатарынан бірнеше суицид болған. Тіпті сол себептен ауыл жастарымен жұмыс істейтін психологтар тобы келген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары