Сәтжан Аблалиев Көлік вице-министрі қызметінен босатылды

/
Сәтжан Аблалиев Көлік вице-министрі қызметінен босатылды
Үкімет. Фото: t.me/KZgovernment

7 тамызда Сатжан Аблалиев Көлік вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Еске сала кетейік, Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметіне 2023 жылы 6 қазанда тағайындалған.

Ол 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясында Орталық инженерлік-техникалық қызметінің операторы болып бастаған.

1996 жылдан 2004 жылға дейін Қазақ көлік және коммуникация академиясында жұмыс істеген. Ұзақ жыл бойы Көлік және коммуникация, Инвестициялар және даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің құрылымында қызмет атқарған. Көлік вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары