Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды

/
Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Polisia.kz

Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция Түркістан облысындағы бірнеше автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны туралы бейнежазбаны анықтады.  

Тексеру кезінде анықталғаны, оқиға Сауран  ауданында қыз ұзату тойы кезінде болған. Mercedes-benz, Toyotar және Nexia 5 автокөліктің жүргізушілері анықталды. Көрсетілген көлік құралдары айыптұрағына қойылды. 

Құқық бұзушылар авариялық жағдай жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ көлік құралдарына зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды.

Полиция заң баршаға ортақ екенін ескертеді және жүргізушілер мен басқа жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, жол қателікті кешірмейді. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары