Алматы облысында ер адамды пойыз қақты

/
Алматы облысында ер адамды пойыз қақты
ҚТЖ

Қайғылы оқиға 6 тамыз күні кешкі уақытта Қарабұлак — Тентек учаскесінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҚТЖ мәліметінше, машинист теміржол бойында жүрген адамды көріп, пойызды шұғыл тежеген.

«6 тамыз күні сағат 19:52-де Қарабұлак — Тентек учаскесінде машинист теміржолға бөгде адамның кенеттен шығып кетуіне байланысты шұғыл тежеу қолданды. Ара қашықтықтың тым жақын болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады», — делінген хабарламада.

Компания қазақстандықтарды теміржол маңында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары