«Қабырғалары сынған»: Медеуде велосипедшіні көлік қағып кеткен

/
«Қабырғалары сынған»: Медеуде велосипедшіні көлік қағып кеткен
скриншот

Алматыдағы Медеу мұз айдынына баратын жолда велосипедшіні көлік қағып кетті. Зардап шеккен азамат ауыр халде ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Желідегі мәліметке сәйкес, зардап шеккен азамат — тәжірибелі спортшы, триатлонмен айналысатын кәсіби атлет. Жол-көлік оқиғасының салдарынан оның бірнеше қабырғасы сынып, ауыр жарақат алған. 

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 6 тамыз күні таңғы сағат 08:20 шамасында Медеу ауданында болған.

«Toyota Camry маркалы автокөліктің жүргізушісі Керей мен Жәнібек хандар көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, солға бұрылған кезде велосипедшіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан азамат дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», — деп хабарлады полициядан.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы науқастың Орталық қалалық клиникалық ауруханаға ауыр жарақатпен түскенін мәлімдеді.

«Науқасқа шұғыл ота жасалды. Қазіргі уақытта ол жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр деп бағаланды», — делінген басқарма жауабында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары