Доллар бағасы 536 теңгеге түсті

/
Доллар бағасы 536 теңгеге түсті
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 536,58 теңгені құрап, 0,97 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банктің 6 тамызға арналған ресми бағамы – 537,53 теңге.

kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 537,79 теңге, сату бағамы – 539,86 теңге. Астанадағы айырбастау пункттерінде америкалық валютаны орта есеппен 534,58 теңгеден сатып алып, 541,58 теңгеден сатуда.

Айта кетейік, 30 шілдеде Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы 550 теңгеден асты. Кейін Ұлттық банк валюта интервенцияларын жүргізе бастағанын хабарлады. 1 тамызда реттеуші сол күні «теңгені құтқаруға» 125,6 миллион доллар жұмсалғанын мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары