Шығыс Қазақстанда құрылыс жұмыстары кезінде тракторшы қаза тапты

/
Шығыс Қазақстанда құрылыс жұмыстары кезінде тракторшы қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құрылыс жұмыстары кезінде трактор траншеяға аударылып, 45 жастағы азамат мерт болды.

Марқұмның артында 5 баласы қалды.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов  су құбыры желілерін салып жатқан «ТМ Тепломир» қызметіне қатысты тергеу жүргізуді тапсырды.

Ол қаза тапқан азаматтың отбасына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетілетінін айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары