Түркістан облысында егіс алқабында егілген қарасора өсімдіктері анықталды

/
Түркістан облысында егіс алқабында егілген қарасора өсімдіктері анықталды
Polisia.kz

Түркістан облысында полицейлер 70-тен астам қарасора өсімдігін тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Қарасора-2025" жедел-алдын алу шарасын өткізу аясында Түркістан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі өсімдіктерін заңсыз егу дерегін анықтады.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер Түлкібас ауданының тұрғындарынан егіс алқабында егілген қарасора тәрізді 75 түп өсімдігін тапты.

Алынған өсімдіктер сараптамаға жіберілді.

Қазіргі уақытта құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істің барлық мән-жайлары анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары