«Берденовке қастандық жасамас бұрын қарудың жарамды екенін тексерген» – Прокурор айыптау актісін оқыды

/
«Берденовке қастандық жасамас бұрын қарудың жарамды екенін тексерген» – Прокурор айыптау актісін оқыды
Коллаж: Turkystan.kz

Бүгін Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша сот отырысы басталды. Сотта прокурор айыптау актісін оқыды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Ернар Жиембай, 2025 жылғы 21 сәуірде, сағат 13:30-да Шымкент қаласы, Республика даңғылының №12 «А» мекен-жайда орналасқан «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің ғимаратында мердігерлердің жиналысын өткізген. Содан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің Құрлыс нысандарының мониторинг жүргізу басқармасының бөлім басшысы А.М.Кенжебековтен ұялы телефон арқылы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Р.А.Берденовтің «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің директоры лауазымынан өз еркімен арыз жазып кетсін» дегені туралы айтқанын естіп, адамды өлтiру ойы пайда болған. Сол сәтте Е.Ж.Жиембай, ЖШС-ның ғимаратынан шығып, А.Т.Молдабековтің басқаруындағы «Volswagen Passat» маркалы мемлекеттік белгісі 730AON17 санды автокөлігімен Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Н.Назарбаев даңғылы №17 «А» үйіне бара жатып, тергеу барысында анықталмаған дүкеннен 1 бөтелке спирттік ішімдік сатып алған. Сатып алған спирттік ішімдігін А.Молдабековтің көлігінде ішіп, онымен бірге Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Назарбаев даңғылы, №17 «А» үйдің жер төлесіне (паркинг) келген. Осы сәтте Ернар Жиембай, заңды некедегі жұбайы Л.ААлданованың атына тіркелген «Hyundai Tucson» маркалы мемлекеттік белгісі 106 AML 17 санды автокөлікті басқаруға А.Т.Молдабековке беріп, екеуі Шымкент қаласының аумағында жүрген», – делінген актіде.

Сосын Ернар Жиембай адамды өлтiру мақсатында 21 сәуір сағат 18:00 шамасында Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Самал-1 м/а, №387 үйіне Б.О.Момыновты шақырған.

«Осылайша, Б.О.Момынов, Е.Ж.Жиембайдың мекен-жайына «БМВ 520» маркалы мемлекеттік белгісі 825 АХҒ 13 санды автокөлігімен келген. Ернар Жиембай өзінің жоспарлаған қылмыстық ойын Б.О.Момыновқа айтпай және оның кедергі келтірмеуі үшін, үйінде сақталған 12 калибрлі, сериялық нөмірі 00404298, «Сайга-12» маркадағы аңшылық қаруды аңшылыққа қолданатындығын айтып, басқарып келген «БМВ 520» маркалы мемлекеттік белгісі 825 АХҒ 13 санды автокөлігінің жүк салғышына салып, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат мөлтек ауданында ағасы жолығып алатындығын жалған айтқан. Ернар Жиембай, өзінің жоспарлаған қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында сағат 19:15 шамасында Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Н.Назарбаев даңғылы №160 мекен-жайда орналасқан «Сейтжан қари Есжанұлы» атындағы мешіттің тұрағына келген. Сол мезетте Ернар Жиембай, Б.О.Момыновқа қоңырау шалып, «Сейтжан қари Есжанұлы» атындағы мешіттің тұрағына шақыртып, оның көлігінің жүк салғышында болған 12 калибрлі, сериялық нөмірі 00404298, «Сайга-12» маркадағы аңшылық қаруды алып, А.Молдабековтің басқаруындағы «Hyundai Tucson» маркалы мемлекеттік белгісі 106 AML 17 санды автокөліктің жүк салғышына салып, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран-2 м/а, Қожаберген жырау көшесінің аяқталған жеріндегі жазыққа А.Молдабековпен бірге келген. Онда Жиембай, 12 калибрлі, сериялық нөмірі 00404298, «Сайга-12» маркадағы аңшылық қаруымен 9-дана «SAFARI  PROFESSIONAL 2/3,75 мм. 12/70 Стандарт 32г.» патрондарды атып көріп, аңшылық қарудың атуға жарамды екендігін көзін жеткізген», – делінген актіде.

Сөйтіп Жиембай, адамды өлтiру ойын сәтті жүзеге асыру үшін А.Т.Молдабековке өзінің жоспарлаған қылмыстық ойын айтпай, оған «Hyundai Tucson» маркалы мемлекеттік белгісі 106 AML 17 санды автокөлікті басқартып, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Назарбаев даңғылы, №17 «А» үйдің жер төлесіне (паркинг) келген.

«Әрі қарай Е.Ж.Жиембай, жоспарлаған қылмыстық ойын сәтті жүзеге асыруға А.Т.Молдабековтің кедергі келтірмеуі үшін көлік құралынан түсіріп, Е.Ж.Жиембай «Hyundai Tucson» маркалы мемлекеттік белгісі 106 AML 17 санды автокөлікті көлік құралын 21.04.2025 жылғы психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудың №11347 санды қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде басқарып Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Самал-1 м/а, №387 үйіне қайтатын сыңай танытып, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Н.Назарбаев даңғылы №10 мекен-жайда орналасқан Шымкент қаласы әкімдігінің ғимаратына келген. Содан Руслан Берденовті өлтіруге бағытталған ойын соңына дейін жеткізу үшін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат м/а, Н.Назарбаев даңғылы №10 мекен-жайда орналасқан Шымкент қаласы әкімдігінің «В» корпус ғимаратының алдындағы автотұрақта, соңғының әкімшілік ғимаратынан шыққанын күтіп отырған», – деді прокурор.

Осылайша Жиембай 20:55 шамасында Руслан Берденовтің Шымкент қаласы әкімдігінің «В» корпус ғимаратынан шыққанын көріп, оған қарай 12 калибрлі, сериялық нөмірі 00404298, «Сайга-12» маркадағы аңшылық қаруымен жүгіріп келе жатып, қолындағы аңшылық қаруын оқтап, «KIA K8» маркалы мемлекеттік белгісі 514 AJ 17 санды қызметтік автокөлікті айналып қашып жүрген Р.А.Берденовті қасақана өлтіру мақсатында 5 рет «SAFARI PROFESSIONAL 2/3,75 мм. 12/70 Стандарт 32г.» патрондарды атқан.

Сот-медициналық және сот-медико-криминалистикалық сараптама қорытындысына сәйкес «Оң кеуде торына еніп оң өкпенің төменгі бөлігін, қабырға аралық артерияларын, диафрагманы көптеген жарақаттаумен бытыралары оққару жарақаты; оң жақ кеуде қуысына қан мен ауаның жиналуы (гемопневмоторакс); іш қуысына еніп бауырдың VI, VII және VIIІ сегменттерінің көптеген жарақаттауымен бытыралары оққару жарақаты; ішкі қан кету; оң бүйрегінің көптеген бытыралары оққару жарақаттары; оң иығының және білегінің көптеген бытыралары оққару жарақаттары; сыртқа қан кету; плевропульмоналды және гемораггиялық шок», денсаулыққа АУЫР дәрежелі дене жарақатын салған.

Әрі қарай Е.Ж.Жиембай, жарақаттанған Р.А.Берденовтың жерде құлап жатқанын көріп, қасына жүгіріп барып, қолында болған 12 калибрлі сериялық нөмірі 00404298 «Сайга-12» маркалы аңшылық қаруымен бақылаулы (контрольный) оқ атуға іс-әрекет жасаған, алайда қарудың оқ жатарында оқ дәрілердің таусылуына байланысты бақылаулы (контрольный) оқ атуға мүмкіндігі болмаған.

Сол сәтте Берденов орнынан тұрып, Жиембаймен алысып жатқан кезде оның қарсыласуына байланысты қолындағы қаруы жерге түскен сәтте М.Н.Калымбетов «КІА К8» маркалы 514 AJ 17 санды қызметтік көлігімен Жиембайды соғып, Р.А.Берденовті өлтiру, яғни адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық іс-әрекетін тоқтатқан.       

Осылайша Е.Ж.Жиембай, Р.А.Берденовті өлтiру, яғни адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату қылмыстық іс-әрекетін өзіне байланысты емес мән-жайлармен ақырына дейiн жеткізе алмаған. Өзінің осы іс-әрекетімен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі және 99-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға оқталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары