«4 жастағы қызымды зорламақ болды»: Балқашта 8 жастағы ұлды ұрған ер адам мән-жайды түсіндірді

/
«4 жастағы қызымды зорламақ болды»: Балқашта 8 жастағы ұлды ұрған ер адам мән-жайды түсіндірді
threads.com/madyssun.

Балқашта 8 жастағы баланы аяусыз соққыға жыққан ер адам жағдайға қатысты өз нұсқасын айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазақмыстың» қызметкері 8 жасар баланы ұрып-соғып, саусағын сындырып және денесін күйдіргені туралы жазған едік. Бұл туралы жәбірленуші баланың анасы Мадина Маратқызы мәлімдеді.

Анасының айтуынша, ұрып-соққан Алмас есімді ер адам – бұрынғы күйеуінің әпкесінің жұбайы. Әйел баланың денесіне түрлі жарақаттар салынғанын айтып, жұртшылықтан көмек сұрады.

Қарағанды облыстық полиция департаменті, аталған факті бойынша күдікті ер адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Айыпталған ер адам «За нами уже выехали» Telegram арнасына оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып берді. Алмас жәбірленуші бала өзінің 4 жасар қызын шешіндіріп, сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағынын айтқан.

Ер адамның айтуынша, сол күні ол балаларды тамақтандырған, кейін олар бірге планшет қарап отырған, ал өзі үстелді жинап жүріпті. Кейін 10-15 минут өткен соң балалар отырған бөлменің жанынан өтіп бара жатқанда, 4 жасар қызының жалаңаш жатқанын, ал 8 жасар баланы шалбары түсірілген күйде көрген.

«Ол қызымның үстінде дәл ересек адамдар сияқты жатты. Мен жүгіріп барып: «Не істеп жатырсың?» дедім. Қызымды қарап жатқанда, ол тұрып, тез киініп үлгерді. Сол сәттен кейін не істегенімді білмеймін. Кейін әйелім келді, оған телефон соғып үлгердім», – дейді ер адам.

Ер адам «ұят болады» деген себеппен болған жай туралы полицияға арыз жазбаған. Оның айтуынша, тіпті қызын гинекологқа көрсеткен кезде де, әткеншектен құлады деп өтірік айтқан көрінеді. Алмас балаға емдеу үшін қаржылай көмек көрсетуді қалап, дау-дамай шығармай, отбасының құпиясын сыртқа шығармауға тырысқан. Алайда жағдай жарияланған соң, ол өз нұсқасын айтуды жөн санапты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары