«Ұлымды ренжітпе!»: Екінші рет тұрмысқа шыққан танымал блогердің ата-енесі той ортасында кетіп қалды

/
«Ұлымды ренжітпе!»: Екінші рет тұрмысқа шыққан танымал блогердің ата-енесі той ортасында кетіп қалды
Коллаж: Turkystan.kz

Бірер күн бұрын танымал блогер, саудагер Салтанат Аманқосова екінші рет тұрмысқа шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның таңдауы 1994 жылғы ақтаулық жігітке түскен. Жас жұбайлардың екеуінің де бұрынғы некелерінен балалары бар.

Олар тойын дүркіретіп өткізді. Бір қызығы тойда сөз сөйлеген Салтанаттың ата-енесі тойдан кетіп қалған.

«Біз енді тілегімізді айтқаннан кейін қайта береміз. Үлкендер жоқ, жастар өзі қалады. Тойды жақсы өткізіңдер», - деді қайын атасы.

Ал блогердің енесі болса, келініне баласын аманаттады.

«Балаларымызға денсаулық тілеймін. Келініміз бізге жақсы келін болсын. Ер-азаматты алға тартатын, артқа сүйрейтін әйел адам. Сондықтан Салтанат, менің баламды ренжітпей жақсы отбасы болыңдар», - деді енесі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары