Екібастұздағы кен орнында жұмысшы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған

/
Екібастұздағы кен орнында жұмысшы биіктіктен құлап, ауыр жарақат алған
istockphoto.com

2 тамыз күні «Богатырь Көмір» ЖШС аумағында 32 жастағы жабдықты тексеру және жөндеу жөніндегі электрослесарь биіктен құлап, ауыр жарақаттар алды, деп хабарлайды turkystan.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап

Бблыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мәліметінше, ол ауруханаға жеткізілді.

«Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде. Тергеу нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады», – деді департамент басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары