«Қоқыс төгуге шыққан»: Алматыда 16 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті

/
«Қоқыс төгуге шыққан»: Алматыда 16 жастағы жасөспірім із-түзсіз жоғалып кетті
скриншот

Алматы тұрғыны Аида Мұсаева 16 жастағы Айдос есімді оқушысының із-түзсіз жоғалып кеткен мәлімдеді. Жасөспірімнің хабарсыз кеткеніне 1 апта болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұғалімінің айтуынша, Айдостың жасы 16-да. Ол Алматыдағы Мамыр-3 ықшамауданында таңғы шамамен 10:54-те үйден қоқыс төгуге шыққан.

Бірақ қоқыс жәшігіне жетпеген. Соңғы дерек бейнебақылау камерасы оны автотұрақ маңынан түсіріп алған. Бұл жалғыз ілік. Одан кейін мүлде еш хабар жоқ.

Аида Мұсаеваның айтуынша, ешкіммен жанжалдаспаған, ескертусіз кетіп қалатын бала емес.

«Маңызды мәліметтер: Айдос – менің ұстазымның баласы, әріптесімнің ұлы әрі менің оқушым. Ол Қызылордадан келген, Алматыда ем қабылдап жүрген. 29 шілде күні полицияға ресми түрде арыз жазылды. @lider.kz еріктілері Айдостың жоғалғанын растады.

Бұл жағдай қашып кетуге ұқсамайды. Ата-анасының ешқандай қарызы да, отбасылық қиындықтары да жоқ. Құрметті ағайын, егер Айдос туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, дереу хабарласыңыз», – деп жазды Аида Мұсаева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары