Н.Назарбаев: «Ислам мемлекетінің» сапында жүрген қазақстандықтар азаматтығынан айрылады

Н.Назарбаев: «Ислам мемлекетінің» сапында жүрген қазақстандықтар азаматтығынан айрылады

Н.Назарбаев: «Ислам мемлекетінің» сапында жүрген қазақстандықтар азаматтығынан айрылады
ашық дереккөзі
«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының сапына өтіп, соғысып жүрген қазақстандықтар азаматтығынан айрылады. Бұл туралы «МИР 24» телеарнасына сұхбат берген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп жазады sn.kz. 
«Қазақстанның заңнамаларына сәйкес, егер біздің елдің азаматы қандай да бір экстремистік ұйымның қатарына қосылып елден кетіп қалса, оған кері қайтар жол жоқ: автоматты түрде азаматтығынан айрылады. Мұндай шараға баруға мәжбүр болдық», - дейді Назарбаев. Мемлекет басшысының пікірінше, бүгінде «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының сапында шамамен 500-600 қазақстандық соғысып жүр. Ал, посткеңестік елдерден Таяу Шығысқа 5 мыңға жуық адам аттаныпты. «Ең алдымен азаматтардың лаңкестік ұйымдарға қосылмауына жағдай жасау керек. Біз "Ислам мемлекеті" сапынан оралғандармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды кері қайтарғымыз келді. Алайда, бұл жұмыстар жемісін берген жоқ. Сондықтан олардың кері қайтатын жолдарын жауып отырмыз», - деп атап өтті Елбасы өз сөзінде.