«Ертең туған күні»: Ақмола облысында жоғалған қыз қамыс арасынан табылды

/
«Ертең туған күні»: Ақмола облысында жоғалған қыз қамыс арасынан табылды
Видеодан скриншот

Кеше түнде демалыс кезінде 1991 жылы туған Астана қаласының тұрғыны жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Ақмола облысы және Астана қаласының ТЖД құтқарушылары, кинологиялық есептер мен еріктілер дереу түрде жұмылдырылды. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарына ұшқышсыз ұшу аппараты да тартылды.

Қыз батпақты жерлерге арналған арнайы көлік – болотоходтың көмегімен Целиноград ауданының Өтеміс ауылынан 8 шақырым жерде Құсқоспа көлінің маңынан қамыс арасынан табылды. Құтқарылған азаматша жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Ерекше атап өтетің жайт, ертең құтқарылған қыздың туған күні. Ал құтқарушылардың бірі өз туған күнін дәл осы іздестіру-құтқару операциясы кезінде атап өтті. Жұмыс аяқталған соң еріктілер оны туған күнімен шын жүректен құттықтап, шапалақпен қошемет көрсетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары