Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағасы 540,78 теңгені құрап, 5,42 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 31 шілдедегі ресми доллар бағамы – 546,36 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 539,87 теңге, сату бағамы – 542,3 теңге. Астанада айырбастау пунктері долларды орта есеппен 538,44 теңгеден сатып алып, 545,42 теңгеден сатуда.
Еске сала кетейік, 21 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 3,89 теңгеге төмендеді, 22 шілдеде 2,37 теңгеге көтерілді, 23 шілдеде 6,21 теңгеге өсті, 24 шілдеде 3,29 теңгеге өсті, 25 шілдеде 2,79 теңгеге өсті, 28 шілдеде 3,5 теңгеге төмендеді, 29 шілдеде 0,11 теңгеге көтерілді, 30 шілдеде 4,09 теңгеге көтерілді.