«Елден көшіп кетіңіз»: Баян Алагөзова әнші Рүстем Жүгінісовті сынап тастады

/
«Елден көшіп кетіңіз»: Баян Алагөзова әнші Рүстем Жүгінісовті сынап тастады
Коллаж: Turkystan.kz

Танымал продюсер Баян Алагөзова «мешітке әйелдер күйеуімен немесе бауырларымен баруы керек» деп айтқан әнші Рүстем Жүгінісовті сынап тастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, Рүстем Жүгінісов әйелдердің құқықтары мен еркіндіктерін қоғамдық кеңістікте тікелей шектеп отыр.

«Никях деп қыздан бір реттік жыныстық қатынас сұрап тұр. Ең сорақысы – Рүстем Жүгінісов қыздарға жалғыз жүрмеңдер деп кеңес беріп отыр. Рас айтып отырсыз ба? Мен уәкілетті органдардан оның әрекетіне қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуді сұраймын! Өйткені, бұл – әйелдердің құқығы мен еркіндігін қоғамдық кеңістікте тікелей шектеу.

Біз шариғат жолындағы емес, тәуелсіз мемлекетте өмір сүреміз. Қыз болсын, әйел болсын өзі кез келген жерге баруға, жүруге құқылы. Айтқан сөзіңізге жауап бересіз бе? Адамдарды олай адастырмаңыз!  Егер ұнамаса, Ауғанстан, Иран, Араб елдеріне көшіп кетіңіз», – деді продюсер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары