Астанада 60 жастағы ер адам саябақта жалаңаш серуендеген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оны таңғы сағат 7 шамасында Теннис орталығы мен St. Regis қонақүйі арасындағы саябақта байқап қалған.
Полиция аталған жағдайға қатысты әкімшілік іс қозғады.
«Оған қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», – деп хабарлады Астана қалалық ПД.
Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.