Белгілі зілкеш Жахан Отарғалиев оқырманынан келген қуанышты хабар естігенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Актердың айтуынша, біраз уақыт бұрын ажыраспақ болған оқырманы әйелімен татуласып, кейін өмірге сәбиі келетінін естіген. Сондай-ақ ол оқырманы баласына «Жахан» деген есім бермекші екенін мәлім етті.
«Ажырасам. Шыдай алмаймын. Депрессия мен стрессте жүрмін. Бәрінен шаршадым. Әйелім кетіп қалды. Үйде анам екеуміз қалдық. Не істесем болады?» деп бір бауырымыз хабарласады. Мен психолог емеспін. Небір нарсе басымнан өткенін білесіздер. Білмейтіндеріңіз қаншама?! Сөйтіп сол бауырыммен 15 минут сөйлестім. Барынша кеңес беруге тырыстым.
Жақында әлгі жігіттен хабар алдым. Әйелі екіқабат екен. Ажыраспайтын болыпты.
Дүниеге келетін ұлының «атын Жахан» қоямын» дейді. Достар, бұйырса өмірге тағы бір Жахан келеді. Менің бір сөзім бір адамның өмірінің өзгеруіне себеп болады деп ойламаппын. Бірақ жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді екен», – деп жазды актер.