31 шілдеге арналған ауа райы болжамы

/
31 шілдеге арналған ауа райы болжамы
istockphoto

"Қазгидромет" РМК мамандары республикамыз бойынша алдағы бейсенбі, 2025 жылдың 31 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оған сәйкес, бүкіл Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы күтіледі.

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты жылжыған атмосфералық фронтальды бөліктер салдарынан Қазақстан аумағының басым бөлігіне найзағай ойнап, жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта нөсер жаңбыр болады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның солтүстігінде түнде және таңертең тұман болады деп болжануда, – деп жазды "Қазгидромет" РМК.

Сондай-ақ, синоптиктер атап өткендей, елімізде жел екпін алып, күндіз оңтүстікте, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Күндіз Атырау өңірінде, Батыс Қазақстан облысының батыста, оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстігінде және Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады деп күтіледі. Сынап бағаны +35°C дейін көтерілуі мүмкін, – деп жазылған "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Сонымен қатар мына өңірлерде қауіпті ауа райы құбылыстары күтіледі:

жоғары өрт қаупі – Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Қостанай облысының батысында, Павлодар облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында,
төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары